Accessibility links

Өзбекстан мен Қырғызстан шекарадағы даулы 10 аумақтың бірі бойынша келісімге келді


Қырғыз-өзбек шекарасы.
Қырғыз-өзбек шекарасы.

Өзбек және қырғыз үкіметі делегацияларының Ташкенттегі кездесуінен соң тараптар өзбек-қырғыз шекарасындағы кейбір аумаққа делимитация және демаркация жасау бойынша екі хаттамаға қол қойды. Бұл туралы Қырғызстан үкіметінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қырғызстан үкіметінің шекара мәселелер жөніндегі арнайы өкілі Назирбек Борубаевтың мәліметінше, тараптар ұзындығы 94,5 шақырым жерде шекараны белгілеу жобасын бекітіп, даулы 10 аумақтың бірі бойынша келісімге келген.

"Үкімет делегацияларының бірлескен отырысы конструктивті әрі жеңіл атмосферада өтті. Келіссөздер нәтижесінде топографиялық жұмыс тобы мен мемлекеттік шекара бойынша үкімет делегациялары екі хаттамаға қол қойды. Тараптар халықты алаңдатқан шекара мәселелерін тиімді шешу үшін жұмыс тобының қызметін жандандыруға келісті. Жыл соңына дейін жұмыс тобының кездесу кестесі бекітілді. Отырыс әр ай сайын өтіп тұрады" деді Борубаев.

Қырғызстан мен Өзбекстан арасындағы шекараның жалпы ұзындығы – 1379 километр. Соның 5 пайызға жуығына, соның ішінде Сох анклавының шекарасына да әлі делимитация жасалмаған. Екі жақтың азаматтары арасында су мен жер дауы жиі болып тұрады.

Оқи отырыңыз: "Бұлақтан шыққан дау". Өзбек-қырғыз шекарасындағы жанжал

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG