Accessibility links

Беларусь билігі ондаған журналисті аккредитациясынан айырды


"Настоящее время" арнасының аккредитациядан айырылған тілшісі Роман Васюкович.
"Настоящее время" арнасының аккредитациядан айырылған тілшісі Роман Васюкович.

Беларусь сыртқы істер министрлігі ондаға журналисті аккредитациясынан айырды. Олардың қатарында Азаттық радиосы Беларусь қызметінің төрт тілшісі және "Настоящее время" телеарнасының бір тілшісі бар. Оларға елде жұмыс істеуге тыйым салынып отыр.

Аккредитациядан Reuters, Associated Press және Agence France-Presse агенттіктерінің, BBC телеарнасының, Халықаралық француз радиосының (RFI) және ARD неміс қоғамдық арнасының бюроларында жұмыс істейтін журналистер де айырылды.

Ресейлік "Новости" агенттігі Ресей елшілігіне сілтей отырып Беларусьтен Батыс басылымдарына жұмыс істейтін төрт Ресей азаматының депортацияланатынын хабарлады. Олардың екеуі Associated Press агенттігіне, екеуі ARD арнасына жұмыс істеген. Бір күн бұрын World Press Photo жеңімпазы атанған танымал швециялық фотожурналист Пол Хансонн депортацияланған. Бұл туралы Tut.by сайты хабарлады.

Беларусь СІМ баспасөз хатшысы ТАСС агенттігіне журналистер аккредитациясынан елдегі Қауіпсіздік кеңесінің ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының бастамасымен айырылған.

Беларусь 9 тамыздағы президент сайлауынан кейін саяси дағдарысқа тап болды. Оппозиция сайлау нәтижесін мойындамады, жүздеген мың халық билікке наразылық ретінде шерулетті. Жексенбі күні Минскіде және өзге қалаларда жаппай наразылық акциялары өтеді деп жоспарланып отыр. Қарсылық акциялары ел президенті Александр Лукашенконың туған күніне дәл келіп отыр. Лукашенко 66 жасқа толғалы отыр.

Лукашенко шенеуніктерге сайлауға дейін-ақ халықаралық басылымдардың журналистерін еліне қайтаруды тапсырған. "Бұл елдің иесі – біз, – деген ол еді сол кезде. – Міндеттеріңді орындаңдар. Орындай алмайсыңдар ма, орындай алмаймыз деп айтыңдар. Бұл мәселемен басқалары айналысады".

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG