Accessibility links

Әлемде Covid инфекциясын жұқтырғандар саны 25 миллионнан асты


Автобус аялдамасындағы маска таққан жолаушылар. Калькутта, Үндістан, 6 тамыз 2020 жыл.
Автобус аялдамасындағы маска таққан жолаушылар. Калькутта, Үндістан, 6 тамыз 2020 жыл.

Джонс Хопкинс университетінің деректер базасында коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың дүниежүзілік саны 25 миллионнан асты. Аурудан қайтыс 842 709 адам қайтыс болған, 16,4 миллион адам жазылып шыққан.

Коронавирус жұқтырғандар санының төрттен бірі АҚШ үлесінде. Эпидемия басталғалы бұл елде 6 миллионға жуық адамның Covid инфекциясын жұқтырғаны расталған. Оның 183 мыңға жуығы қайтыс болған, 2 миллионнан астамы жазылып шыққан.

АҚШ-тан кейінгі орында – Бразилия. Бұл елде коронавирус ауруына 3,8 миллионнан астам адам шалдыққан. Ел президенті Жаир Болсонару көп уақыт бойы коронавирус инфекциясының барын жоққа шығарып келіп, кейіннен вирусты өзі жұқтырып алды.

Халқының саны жөнінен әлемнің екінші елі саналатын Үндістанда вирустың үлкен қарқынмен тарап жатыр. 30 тамыз күні бұл елде рекордтық көрсеткіш тіркелді. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, тәулік ішінде 78 761 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны расталған. Джонс Хопкинс университетінің дерегінше, Үндістанда коронавирус инфекциясы барлығы 3,5 миллион адамнан анықталған. Вирус жұқтырған 2,7 миллион адам аурудан жазылып шыққан, 63,4 мың адам жазылып шыққан.

Коронавирустың тарауын тежегендей көрінген Оңтүстік Кореяда он жетінші күн қатарынан тәулік сайын жүздеген науқас тіркеліп отыр. 30 тамыз күні елдегі вирус жұқтырғандар саны 299 адамға артқан. Бұл – кейінгі бес тәуліктегі ең төмен көрсеткіш. Вирус жұқтырғандардың жалпы саны – 19 699. Аурудан 14,9 мың адам жазылып шыққан, 323 адам қайтыс болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG