Accessibility links

Қазақстанда бір күнде 89 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды


Коронавирусты емдейтін ауруханада медицина қызметкерлері тұрғындардың денсаулығы жайлы сұрап жатыр. Шілде айы, 2020 жыл.
Коронавирусты емдейтін ауруханада медицина қызметкерлері тұрғындардың денсаулығы жайлы сұрап жатыр. Шілде айы, 2020 жыл.

3 қыркүйекте Қазақстанда 89 адамнан коронавирус инфекциясы табылды. 68 адамда ауру белгісі байқалған, 21 адамда Covid симптомы білінбеген. Бір күнде 618 адам жазылған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Өткен тәулікте Шығыс Қазақстан облысында – 16, Нұр-Сұлтанда – 13, Алматыда 10 адамнан вирус анықталған. Маңғыстау, Қызылорда, Ақтөбе облыстарында және Шымкент қаласында жаңа науқас тіркелмеген.

Ресми мәлімет бойынша, елде коронавирус жұққаны ПТР-тестімен расталған адамдар саны 106 121 адамға жеткен. Наурыз айынан бері 1606 адам қайтыс болған. Бірақ бұл мәліметке белгілері коронавирусқа ұқсас пневмонияға шалдыққандар кірмеген. Эпидемия басталғалы бері 98 585 адам (шамамен 91 пайызы) жазылған.

Ал ДДСҰ мәліметінше, Қазақстанда коронавирусқа 131 695 адам шалдыққан, 1878 адам қайтыс болған. Халықаралық ұйым пневмонияға шалдыққандарды да есепке енгізіп отыр. Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, Қазақстан вирус жұқтырғандар саны жағынан әлемдегі алғашқы отыз елдің қатарына кіріп отыр.

Қазақстанда коронавирус індетімен байланысты енгізілген карантин шаралары 17 тамыздан бері кезең-кезең бойынша жұмсарып келеді. Алайда бірқатар шектеулер сақталып қалған. Тұрғындар ғимарат ішінде және көшеде маска тағып жүруге және ара қашықтық сақтауға міндетті.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG