Accessibility links

Қазақстанда бір күнде 60 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды


Коронавирусты анықтайтын зертхана қызметкері. Көрнекі сурет.
Коронавирусты анықтайтын зертхана қызметкері. Көрнекі сурет.

6 қыркүйек күні Қазақстанда 60 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды. Бір күнде 131 адам Covid-тен жазылған. Бұл туралы дүйсенбі күні таңертең денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Шығыс Қазақстан облысында - 15, Батыс Қазақстан облысында 8 адамнан коронавирус табылған. Түркістан, Маңғыстау, Қызылорда, Ақтөбе облыстарында және Шымкент қаласында науқас тіркелмеген.

Ресми дерек бойынша, коронавирус індеті келгелі Қазақстанда 106 361 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны расталған. Оның 99 мыңнан астамы жазылып шыққан, 1627-і қайтыс болған. Бұдан бөлек коронавирустан жұқтырған бірақ "ілеспе аурудан қайтыс болды" деген жүздеген адам бар.

Аймақтар бойынша жағдай мынадай:

Алматы қаласында – 14 276 (+4 адам жаңадан қосылды),
Нұр-Сұлтан қаласында -13 890 (+4),
Атырау облысында – 10 958 (+6),
Қарағанды облысында – 10 147 (+5),
Шығыс Қазақстан облысында – 8 294 (+15),
Батыс Қазақстан облысында – 6 785 (+8),
Шымкент қаласында - 5 181 (+0),
Алматы облысында – 4 908 (+3),
Жамбыл облысында – 4 097 (+1),
Солтүстік Қазақстан облысында – 3 985 (+4),
Павлодар облысында – 3 854 (+4),
Қостанай облысында – 3 434 (+3),
Ақмола облысында – 3 421 (+3),
Түркістан облысында – 3 339 (+0),
Маңғыстау облысында – 3 334 (+0),
Қызылорда облысында - 3 231 (+0),
Ақтөбе облысында - 3 223 (+0).

Бұл тек ПТР тестімен расталған науқастардың дерегі. Бұдан бөлек зертханалық талдаумен расталмаған, бірақ ауру белгілері бойынша коронавирусқа ұқсайтын пневмония дерегі де бар. Үкімет мұндай пневмонияның есебін 1 тамыздан бері жүргізіп келеді. 1 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында коронавирус пневмониясы 27 мыңнан астам адамнан анықталған. Оның ішінде 5874 адам жазылып шыққан, 310 адам қайтыс болған, қалғаны емделіп жатыр.

Қазақстанда үкіметтің ресми дерегіне күдік келтіретіндер көп. Мәселен, маусым және шілде айларында пневмония ауруы өршіп, жүздеген мың адам ауруға шалдықты. Жергілікті дәрігерлер аурудың бұлай өршуі мезгілсіз екенін, оның негізгі қоздырушысы коронавирус екенін айтып дабыл қақты. Бірақ денсаулық сақтау министрлігі тек ПТР тестіне сүйенетінін, ол тестің ешқандай инфекцияны анықтамағанын айтып, пневмония дерегін Covid статистикасына қосудан бас тартып келді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG