Accessibility links

Өткен тәулікте 64 адамнан коронавирус анықталды, 3 облыс пен бір қалада науқас тіркелмеді


Коронавирус жұққан науқастарды емдейтін уақытша аурухана. Көрнекі сурет.
Коронавирус жұққан науқастарды емдейтін уақытша аурухана. Көрнекі сурет.

7 қыркүйек күні Қазақстанда коронавирус жұққаны ПТР-тестімен расталған 64 адам анықталған. Бір күнде 239 адам Covid-тен жазылған. Бұл туралы сейсенбі күні таңертең денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Шығыс Қазақстан облысында - 17, Алматы қаласында - 8, Батыс Қазақстан облысында 7 адамнан коронавирус табылған. Маңғыстау, Қызылорда, Ақтөбе облыстарында және Шымкент қаласында науқас тіркелмеген.

Ресми дерек бойынша, коронавирус індеті келгелі Қазақстанда 106 425 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны расталған. Оның 100 мыңға жуығы жазылып шыққан, 1634-і қайтыс болған. Бұдан бөлек коронавирустан жұқтырған бірақ "ілеспе аурудан қайтыс болды" деген жүздеген адам бар.

Аймақтар бойынша жағдай мынадай:

Алматы қаласында – 14 284 (+8 адам жаңадан қосылды),
Нұр-Сұлтан қаласында -13 892 (+2),
Атырау облысында – 10 961 (+3),
Қарағанды облысында – 10 153 (+6),
Шығыс Қазақстан облысында – 8 311 (+17),
Батыс Қазақстан облысында – 6 793 (+7),
Шымкент қаласында - 5 181 (+0),
Алматы облысында – 4 909 (+1),
Жамбыл облысында – 4 101 (+4),
Солтүстік Қазақстан облысында – 3 990 (+5),
Павлодар облысында – 3 860 (+2),
Қостанай облысында – 3 436 (+2),
Ақмола облысында – 3 424 (+3),
Түркістан облысында – 3 343 (+4),
Маңғыстау облысында – 3 334 (+0),
Қызылорда облысында - 3 231 (+0),
Ақтөбе облысында - 3 223 (+0).

Бұл мәліметке зертханалық талдаумен расталмаған, бірақ ауру белгілері бойынша коронавирусқа ұқсайтын пневмония дерегі енбеген. Үкімет мұндай пневмонияның есебін 1 тамыздан бері жүргізіп келеді. 1 тамыз бен 7 қыркүйек аралығында коронавирус пневмониясы 27 мыңнан астам адамнан анықталған. 6 мыңға жуығы жазылып шыққан, 314 адам қайтыс болған, қалғаны емделіп жатыр.

Кейбір сарапшылар коронавирус пен пневмония статистикасына күмән келтіреді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG