Accessibility links

Тоқаев Юрий Ильинді төтенше жағдайлар министрі етіп тағайындады


Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин. Сурет ішкі істер министрлігінің бұрынғы төтенше жағдайлар комитетінің сайтынан алынған.
Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин. Сурет ішкі істер министрлігінің бұрынғы төтенше жағдайлар комитетінің сайтынан алынған.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Юрий Ильин төтенше жағдайлар министрі болып тағайындалды. Бұл туралы 11 қыркүйекте Ақорда сайты хабарлады.

Қыркүйек айының басында халыққа жолдауында президент Тоқаев төтенше жағдайлар комитеті қайтадан министрлікке айналады, "ішкі істер министрлігін өзі маманданбаған міндеттерден босатып, тиімділігін арттыру қажет" деген еді. Екі күн бұрын президент төтенше жағдайлар министрлігін құру туралы жарлыққа қол қойған.

2014 жылы төтенше жағдайлар министрлігі таратылып, оның өкілеті ішкі істер министрлігіне берілген еді. Ведомствода төтенше жағдайлар комитеті құрылды. Оған дейін ТЖМ жеке орган ретінде 10 жыл жұмыс істеген.

52 жастағы Юрий Ильин 2016 жылдың сәуір айынан бері ішкі істер вице-министрі қызметін атқарған. Оның алдында президент әкімшілігінде мемлекеттік бақылау бөлімінің инспекторы болған. 2013 жылдың наурыз айы мен 2015 жылдың қазан айы аралығында Алматы қаласы әкімінің орынбасары болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG