Accessibility links

Зерттеу: Ресейліктердің жартысына жуығы коронавирус вакцинасын салдырмайды 


Ер адамға екпе егіп жатқан медицина қызметкері. Көрнекі сурет.
Ер адамға екпе егіп жатқан медицина қызметкері. Көрнекі сурет.

Ресейліктердің 45 пайыздан астамы қай елде жасалмасын – коронавирус вакцинасын ешқашан салдырмайды. Жоғарғы экономика мектебі жүргізген зерттеу осыны көрсеткен. Зерттеуді РБК сайты жариялады. Қыркүйек айының басында жүргізілген сауалнамаға елдің әр аймағынан 18 бен 75 жас аралығындағы 9 мың адам қатысқан.

Екпеден бас тартқандардың төрттен бір бөлігі екпенің қаншалықты тиімді, қауіпсіз болатынын білгісі келетінін, сол себепті вакцинация процесін бақылайтынын айтқан. Ал төрттен бір бөлігі екпе салдыруға мүлде қарсы. Ал осы топтың шамамен 19 пайызы биыл екпе салдырмайтынын, келесі жылы шешім қабылдайтынын айтқан.

Індет басталғалы бері Ресейде эпидемияның қаупі ұлғайтылып көрсетеді деп санайтындар көбейген. Мамыр айының соңында ресейліктердің үштен бір бөлігі осылай десе, қыркүйек айының басында олардың үлесі 43 пайызға жеткен.

Сауалнамаға қатысқан әрбір бесінші адам Ресей эпидемияның екінші толқынын бастан кешіріп жатыр деп санайды. Зерттеуге сәйкес, Мәскеуде әрбір үшінші адам осылай деп ойлайды.

11 тамызда Ресей президенті Владимир Путин клиникалық сынақтың үшінші кезеңі аяқталмай жатып, Ресейдің коронавирус вакцинасын әлемде бірінші болып тіркегенін мәлімдеген. "Справочник врача" (Дәрігер анықтамалығы) сервисінің мәліметінше, сауалнамаға қатысқан дәрігерлердің жартысы ресейлік коронавирус вакцинасының қауіпсіз екеніне сенбейтінін айтқан.

8 қыркүйекте Ресей денсаулық сақтау министрлігі вакцинаның алғашқы партиясы азаматтық айналымға енгізілді деп мәлімдеген. Қазан айында жаппай вакцинация басталады.

"Левада-центр" орталығының жақында жүргізген сауалнамасына сәйкес, респонденттердің 38 пайызы егер "Спутник V" вакцинасы тегін әрі міндеттелмесе, салуға дайын екенін жеткізген. Сауалнамаға қатысқандардың 54 пайызы вакцина егуге дайын емес екенін айтқан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG