Accessibility links

Армения төтенше жағдай режимін тоқтатты, бірақ індетке байланысты бірқатар шектеу әлі күшінде


Ереван мемлекеттік университеті студенттері дәрісте отыр. Армения, 11 қыркүйек 2020 жыл.
Ереван мемлекеттік университеті студенттері дәрісте отыр. Армения, 11 қыркүйек 2020 жыл.

Армения үкіметі 11 қыркүйекте алты ай бұрын коронавирус пандемиясына байланысты жарияланған төтенше жағдайды тоқтатты. Алайда індеттің тарауына жол бермеуді көздейтін кейбір шектеулер әлі күшінде.

Төтенше жағдайды алмастырған жалпыұлттық карантин режимі 2021 жылдың 11 қаңтарына дейін жалғасады. Азаматтарға жабық жердегі қоғамдық орында, көшеде маска тағып, әлеуметтік қашықтық талабын бұлжытпай ұстану міндеті жүктеледі.

Армения келесі аптадан бастап мектептер мен университеттерде сабақты жалғастыруды жоспарлап отыр.

Армения азаматтық авиация комитетінің басшысы Татевик Ревазян Азаттыққа төтенше жағдай режимінің доғарылуы халықаралық қатынастар қайта қалпына келтіруді білдіреді деді. Арменияға шетелден келген жолаушыдан алынған тест қорытындысы коронавирус жоғын анықтаса, ол адам карантинге жіберілмейді.

Жалпыұлттық карантин режимі билікке бүкіл ел көлемінде немесе коронавирус ошағына айналған кварталдар мен аудандарды жауып, шектеу енгізуіне құқық береді. Жағдай ушығып кетсе шекараны да жаба алады. Көпшілік шараларға тыйым салуы немесе шектеу қоюы мүмкін.

Үкімет төтенше жағдай режимі доғарылатынын үш миллионға жуық тұрғыны бар елде коронавирус жұқтырғандар саны тоқтамастан азайып келе жатқан кезде жариялады. Қазірге дейін Арменияда 45 мыңнан астам адамға коронавирус жұққан, індеттен 900-ден астам адам қайтыс болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG