Accessibility links

Қырғызстан денсаулық сақтау министрлігі Сovid есебіндегі айырмашылық себебін түсіндірді


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қырғызстан үкіметінің коронавирус статистикасында сәйкессіздіктер анықталды. Денсаулық сақтау министрлігі түсініктеме берді.

Коронавируспен күрес жөніндегі республикалық штаб мәліметінше, 18 наурыз бен 14 тамыз аралығында коронавирус жұққандар 44 928 адам болған. Оның 41 023-і жазылған, 1063-і қайтыс болған. 2 410 адам емделіп келген. Осы сандарды қосқанда қосқанда вирус жұқтырғандар саны 44 496 болып шығады. Бұл штаб жариялаған жалпы саннан 432 адамға аз.

Денсаулық сақтау вице-министрі Бақыт Жаназиевтің айтуынша, коронавирустан қайтыс болғандар статистикасын қайта қараған кезде осындай айырмашылық пайда болған.

"Статистиканы қайта қарап шықтық, сол себепті дерек өзгерді. Бұл адамдар (430 адам өлімі ) коронавирус ауруына шалдыққанмен олардың өліміне басқа аурулар мысалы, инфаркт себеп болған. Сол себепті коронавирус жұқтырғындар дерегіне қосылғанмен, Сovid-пен байланысты адам өлімі есебіне қосылмаған" деді вице-министр.

18 тамызда Қырғызстан денсаулық сақтау министрлігі коронавирустан қайтыс болғандар санын қайта қарап шыққан. Covid жұққан науқастардың өлімінің себебін зерттейтін арнайы комиссия құрған.

"Комиссия өзге елдердің тәжірибесін зерттеп, 2019-2020 жылдың 7 айындағы адам өлімі дерегін сараптай отырып, бұған қоса covid-ті анықтау және адам өлімін кодтау бойынша Халықаралық әдістемелік кеңеске сүйене отырып, коронавирустан қайтыс болғандардың 437-інің өліміне covid себеп болмаған деген қорытынды жасады" делінген штаб хабарламасында.

Штаб мәліметінше, 358 адамның өліміне – жүрек қан-тамыр аурулары, 24 пайызы – миокард инфарктіден, 13 пайызы ми қан айналым жүйесінің бұзылуынан, 10 пайызы – бүйрек жетіспеушілігі, 32 пайызы өзге себептерден (суицид, онкологиялық т.б аурулар) қайтыс болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG