Accessibility links

Қазақстанда өткен тәулікте 72 адамнан коронавирус табылды


Медицина қызметкерлері.
Медицина қызметкерлері.

16 қыркүйекте Қазақстанда 72 адамнан коронавирус инфекциясы табылды. Бір күнде 188 адам жазылған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Өткен тәулікте ең көп науқас Шығыс Қазақстан облысында (20) тіркелген. Шымкент қаласы, Маңғыстау облысында бірде-бір науқас анықталмаған.

Ұлттық денсаулық сақтау орталығының мәліметінше, күн сайын шамамен 9-18 мың аралығында коронавирусты анықтайтын ПТР-тест жүргізіліп жүр.

Елде коронавирус жұққаны ПТР-тестімен расталғандар саны 107 056 адамға жетті. Дегенмен бұл статистикаға коронавирус жұққаны ПТР-тестімен расталмаған, бірақ клиникалық белгілері covid-ке ұқсас пневмонияға шалдыққандар саны енгізілмеген. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) екі көрсеткішті біріктіруге кеңес бергенмен Қазақстан билігі екеуін екі бөлек жариялап жүр. ДДСҰ мәліметінше, Қазақстанда наурыз айынан бері 137 058 адам коронавирусқа шалдыққан, кемінде 2008 адам қайтыс болған.

Бұған дейін министрлік коронавирус жұққан қайтыс болған 500-ден астам адам "covid-тен емес, ілеспе аурудан қайтыс болды" деп мәлімдеген.

16 қыркүйекте елде бас санитар дәрігер тағы ауысты. Айжан Есмағамбетованың орнына денсаулық сақтау министрінің орынбасары Ерлан Қиясов тағайындалды. Елде бас санитар дәрігер бір жылдың ішінде екінші рет ауысып отыр. 2020 жылдың 20 мамырында Жандарбек Бекшин қызметінен кетіп, орнына Айжан Есмағамбетова тағайындалған еді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG