Accessibility links

Covid пен пневмонияға шалдыққандар бір күнде 300 адамға артты. 5 адам қайтыс болды


Ер кісі маска таққан әйел бейнеленген баннердің жанынан өтіп барады. Алматы, 11 қыркүйек 2020 жыл.
Ер кісі маска таққан әйел бейнеленген баннердің жанынан өтіп барады. Алматы, 11 қыркүйек 2020 жыл.

18 қыркүйек күні Қазақстанда 65 адамнан ПТР тестімен расталған Covid инфекциясы, 235 адамнан ПТР тестімен расталмаған коронавирус пневмониясы анықталды. Тәулік ішінде зертханалық талдаумен расталған науқастар арасында 4 адамның, коронавирус пневмониясына шалдыққандар арасында 1 адамның өлімі тіркелді.

Қазақстан ПТР тестімен расталмаған коронавирус пневмониясының есебін 1 тамыздан бастап жүргізіп келеді. Есеп бойынша, пневмонияның осы түрі 30 814 адам шалдығып, оның 26 569-ы жазылып шыққан, 338-і қайтыс болған.

Ал санағы 13 наурыздан бері жүргізіліп келе жатқан зертханалық расталған коронавирус ауруына барлығы 107 199 адам шалдыққан. Вирус жұқтырған 101 822 адам айыққан, 1693 адам көз жұмған.

Үкіметтің дерегіне күдік келтіретіндер көп. Олар ел билігі коронавирус індетінің шынайы ауқымын жасырып отыр деп санайды.

  • Мамыр айында "31 канал" мен Азаттық тілшілері коронавирустан қайтыс болғандарды жерлеуге арналған зиратта ресми деректегіден көп адам жерленгенін әшкерелеген соң денсаулық сақтау министрлігі коронавирус жұқтырған, бірақ "ілеспе аурудан қайтыс болды" деген адамдардың барын айтып, санын жариялады. 24 тамыздағы дерек бойынша, олардың саны 556 болған.
  • Маусымның басында ДСМ себебін толық түсіндірместен ауруға шалдыққандарды симптомы бар-жоқ деп екіге бөліп, тек біріншісін ғана статистикаға қосты. Жергілікті мамандардың шағымынан соң, министрлік бір айдан соң бұл тәжірибесінен бас тартып, екі деректі қайта қосты. Осы кезде ресми статистикадағы коронавирус жұқтырғандар саны күрт артып, Қазақстан әлем елдері арасында бірден ондаған мемлекеттің алдына шықты.
  • 2020 жылдың алғашқы жеті айында 256 мың адам пневмонияға шалдықты. Бұл – өткен жылғыдан 3,3 есе жоғары көрсеткіш. ДСМ оның қаншасы Covid-ке ұқсайтын вирустық пневмония екенін айтпады. Олардың ешқайсысы коронавирус статистикасына қосылған жоқ.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG