Accessibility links

Nexta Беларусьтегі шерулерді жаншуға қатысы бар деген 1 мың полицейдің жеке дерегін жариялады


Беларусьтегі наразылық кезінде ақпарат таратудың басты көздерінің бірі болған Nexta Live Telegram каналы бейбіт шерулерді жаншуға қатысы бар деген 1003 полицейдің жеке дерегін жариялады. Канал авторлары полицейлер туралы ақпаратты 19 қыркүйектегі Александр Лукашенконың отставкаға кетуін талап еткен әйелдер шеруін басып-жаншуға жауап ретінде жариялағанын айтады.

"Жазалаушылар тоқтамаса не болатынын бір апта бұрын ескерткенбіз. Уәдемізді орындап отырмыз. Алдарыңызда кибер-партизандар арқасында қолымызға түскен ІІМ базасындағы алғашқы 1000 қызметкер. Ұстап әкету жалғасатын болса, деректерді жаппай жариялауды жалғастырамыз" делінген Telegram желісіндегі Nexta Live каналында.

Канал полицейлердің дерегін гугл-кесте күйінде жариялады.

Беларусь ішкі істер министрлігі ақпараттың ағылуына жауаптыларды анықтап, жазалайтынын мәлімдеді.

"Жеке деректің интернетке жайылуына кінәлілердің басым бөлігін анықтап, жауапқа тартуға Ішкі істер министрлігінің күші де, амалы да, технологиясы да бар" деді министрліктің баспасөз хатшысы Ольга Чемоданова.

Жарияланған кестеде полицейлердің аты-жөні, туған күні, қызмет орны және лауазымы жазылған.

Беларусьте 9 тамыз күні президент сайлауы өтіп, қазіргі президент Александр Лукашенко жеңіске жетті дегенге сенбеген жұрт көшеге шығып, наразылық білдірді. Алғашқы күндері полиция бейбіт шерушілерді аяусыз соққыға жығып, жаппай ұстап әкетті. Келесі күндері шерушілер саны арта түсіп, күн сайын жүздеген мың шеруге қатысып жүрді. Шерулер әлі тоқтаған жоқ, наразылар Александр Лукашенконың отставкаға кетуін талап етеді.

Бір айға созылған қарсылық акциялары кезінде полиция мыңдаған адамды қамап, аяусыз ұрып-соқты. Шерушілерді ұстауға келген полицейлер әдетте түрін жасыру үшін балаклава киім жүрді. Кей жерлерді шерушілер полиция жасағындағы қызметкерлердің балаклаваларын шешіп тастаған.

Лукашенконың бейбіт шерушілерге қатыгездік танытуы Еуроодақтың режимге қарсы санкция салуына түрткі болды.

Балаклава киген полиция, 73 жастағы шеруші. Минскідегі әйелдер шеруі қалай өтті?

Балаклава киген полиция, 73 жастағы шеруші. Минскідегі әйелдер шеруі қалай өтті?
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:51 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG