Accessibility links

Навальный Ресей билігінен ауруханаға жеткізген кезде киген киімін беруді талап етті


Берлиндегі "Шарите" ауруханасының баспалдағынан түсіп келе жатқан Алексей Навальный.
Берлиндегі "Шарите" ауруханасының баспалдағынан түсіп келе жатқан Алексей Навальный.

Берлиндегі ауруханада емделіп жатқан ресейлік оппозициялық саясаткер Алексей Навальный Ресей билігінен Омбы ауруханасына жеткізген кезде киген киімін беруді талап етті. Бұл туралы жазба 21 қыркүйекте Навальный сайтында жарияланды. Комадан тұрып, денсаулығы жақсара бастағаннан бері Навальный алғаш рет "өзін әскери умен уландырғысы келгенін" жазған. Ол улану ісіне байланысты қылмыстық іс қозғау уақыты өтіп кеткенін де айтып, Ресей билігінің әрекетін сынаған.

"Ресейде қылмыстық іс қозғалмаған, ауруханаға жатқызу фактісін тексеру амалдары ғана жүріп жатыр. Олар үшін мен ұшақта комаға түсіп қалған адам емес – супермаркетте тайып жығылып, аяғын сындырып алған адам сияқтымын" деп жазды Навальный.

Ол Ресей билігінен бұдан артық әрекет күтпегенін де алға тартып, тексеру жүргізу уақыты аяқталғандықтан "олар өте маңызды айғақ санайтын" киімін қайтаруды талап еткен.

Зертхана деректеріне сүйенген Германия билігінің айтуынша, "Новичок" Навальныйдың ағзасы мен денесінен табылған. Оның жақтастарының сөзіне қарағанда, удың қалдықтары Навальный су ішкен бөтелкенің мойнынан табылған. Олар бұл бөтелкелерді Навальный бөлмесінен алып, Германияға зерттеуге жіберіп үлгерген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG