Accessibility links

Коронавирус пневмониясына шалдыққан 364 адам анықталды, Covid-тен 4 адам қайтыс болды


Қорғаныш киім киген медицина қызметкерлері. Көрнекі сурет.
Қорғаныш киім киген медицина қызметкерлері. Көрнекі сурет.

22 қыркүйекте Қазақстанда коронавирусқа ұқсас пневмонияға 364 адам шалдыққан. Бір күнде 66 адам жазылған. Өткен тәулікте пневмонияның бұл түріне байланысты адам өлімі тіркелмеген. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

1 тамыздан бері 31532 адам коронавирус пневмониясына шалдыққан. 345 адам қайтыс болған, 26 805 адам жазылған.

Өткен тәулікте коронавирус жұққаны ПТР тестімен расталған 4 адам қайтыс болған. Наурыз айынан бері 1707 адам көз жұмған.

Қазір 3 524 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр. 32-сі – бала. Стационарда – 1 868, амбулаторлық жағдайда 1 656 адам емделіп жатыр. 101 адамның жағдайы ауыр, 14 адамның жағдайы – өте ауыр, 20 адам аппарат тыныс алу аппаратына қосылған.

Елде коронавирус пен коронавирус пневмониясына шалдыққандарды қосқанда барлығы 138 982 адам Covid-пен ауырған. 129 мыңнан астамы жазылған. Кемінде 2052 адам қайтыс болған.

Денсаулық сақтау министрлігі елде эпидемиологиялық ахуал тұрақталды дегенмен пневмония статистикасы құбылып тұр, коронавирус инфекциясынан қайтыс болғандар саны тұрақты түрде артып жатыр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG