Accessibility links

Коронавирус пневмониясына шалдыққан 228 адам анықталды, Covid-ті қосқанда 5 адам қайтыс болды


Коронавирус жұққандарды емдейтін аурухана.
Коронавирус жұққандарды емдейтін аурухана.

23 қыркүйекте Қазақстанда коронавирусқа ұқсас пневмонияға 228 адамның шалдыққаны белгілі болды. Өткен тәулікте пневмонияның бұл түрінен бір адам қайтыс болған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

1 тамыздан бері 31760 адам коронавирус пневмониясына шалдыққан. 346 адам қайтыс болған, 26 805 адам жазылған.

Денсаулық сақтау министрлігі 23 қыркүйекте алғаш рет аймақтағы пневмония ахуалын көрсететін статистика жариялады.

1-23 қыркүйек аралығында пневмонияға шалдыққандардың аймақ бойынша саны мынадай:

Нұр-Сұлтан - 3845
Алматы қаласы - 3072
Шымкент - 732
Акмола облысы - 934
Ақтөбе облысы - 1281
Алматы облысы - 1530
Атырау облысы - 1392
Шығыс Қазақстан облысы - 4382
Жамбыл облысы - 1747
Батыс Қазақстан облысы - 1045
Қарағанды облысы - 2101
Қостанай облысы - 2815
Қызылорда облысы - 901
Маңғыстау облысы - 877
Павлодар облысы - 1877
Солтүстік Қазақстан облысы - 1164
Түркістан облысы - 1472.

Өткен тәулікте коронавирус жұққаны ПТР тестімен расталған 4 адам қайтыс болған. Наурыз айынан бері 1711 адам көз жұмған.

Қазір 3 495 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр. 36-сы – бала. Стационарда – 1 810, амбулаторлық жағдайда 1 685 адам емделіп жатыр. 95 адамның жағдайы ауыр, 15 адамның жағдайы – өте ауыр, 23 адам аппарат тыныс алу аппаратына қосылған.

Елде коронавирус пен коронавирус пневмониясына шалдыққандарды қосқанда барлығы 139 289 адам Covid-пен ауырған. 129 мыңнан астамы жазылған. Кемінде 2057 адам қайтыс болған.

Денсаулық сақтау министрлігі елде эпидемиологиялық ахуал тұрақталды дегенмен пневмония статистикасы құбылып тұр, коронавирус инфекциясынан қайтыс болғандар саны тұрақты түрде артып жатыр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG