Accessibility links

Қазақстанда өткен тәулікте 61 адамнан коронавирус табылды


Науқастарды емдеп жатқан медицина қызметкері. Ақтөбе қаласы. Шілде айы, 2020 жыл.
Науқастарды емдеп жатқан медицина қызметкері. Ақтөбе қаласы. Шілде айы, 2020 жыл.

24 қыркүйекте Қазақстанда 61 адамнан коронавирус инфекциясы табылды. Бір күнде 37 адам жазылды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Министрлік коронавирус жұққаны ПТР-тестімен расталғандар мен расталмағандар (пневмония) санын бөлек жариялап жүр. Жоғарыда айтылған науқастар алғашқы топқа кіреді. Бірақ екеуі де Covid болып саналады.

Бейсенбі күні ШҚО-да 18 науқас анықталған. Қалған облыстар мен қалалардағы көрсеткіш оннан аспайды. Шымкент қаласы, Маңғыстау, Қызылорда облыстарында бірде-бір науқас тіркелмеген.

Осылайша коронавирус жұққаны ПТР-тестімен расталғандар саны 107 590 адамға жетті. Басым бөлігі жазылған. Наурыз айынан бері 1711 адам қайтыс болған. Бұл статистикаға "ілеспе аурулардан" қайтыс болған жүздеген адам өлімі енгізілмеген. 1 тамыздан бері коронавирус пневмониясына шамамен 31 760 адам шалдыққан. 346 адам қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, Қазақстанда 139 289 адам коронавирус ауруына шалдыққан. 2043 адам қайтыс болған.

Статистика комитетінің мәліметінше, биыл қаңтар мен шілде айында былтырғы жылмен салыстырғанда адам өлімі көп болған. Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері мұны індетпен байланыстырғанмен адам өлімінің нақты себептері айтылмады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG