Accessibility links

Талдықорғандық белсенді Қанат Жақыповты изолятордан үйқамаққа ауыстырды


Белсенді Қанат Жақыпов.
Белсенді Қанат Жақыпов.

Алматы облысы Талдықорған қаласының тергеу соты 25 қыркүйек күні Ащыбұлақ ауылының тұрғыны 40 жастағы белсенді Қанат Жақыповты үйқамаққа алды. Бұл туралы Азаттыққа оның анасы 66 жастағы Раиля Жақыпова хабарлады.

– Қанатты түнгі екіде әкелді. Оған үйден шығуға, телефонды пайдалануға, хат-хабар алмасуға және өзге де байланыс құралдарын пайдалануға тыйым салынған. Оған қылмыстық кодекстің 405-бабы, 2-тармағы бойынша (тыйым салынған ұйымның жұмысына қатысу) айып тағылып отыр, – дейді Раиля Джакупова. Оның сөзінше, сотта белсендіні сот белгілеген адвокат қорғаған.

Жақыповты 24 қыркүйек күні кешке үйінен ұстап әкетіп, Талдықорғандағы уақытша қамау изоляторына қамаған.

Кейінгі күндері бірнеше белсендіге қарсы 405-бап бойынша қылмыстық іс қозғалған.

  • 23 тамыз күні Алматы тергеу соты белсенділер Абай Бегімбетов пен Асхат Жексебаевты екі айға қамап қойды. Олар Қазақстан билігі «экстремистік» деп таныған «Көше партиясына» қатысы болуы мүмкін деп айыпталды.
  • 1 қыркүйек күні Алматы тергеу соты дәл осы айыппен Алматы облысының тұрғыны Қайрат Қылышевті екі айға қамады.
  • 20 қыркүйек күні блогер әрі журналист Айгүл Өтепова түрмеден үйқамаққа ауыстырылды. Үйқамаққа дейін ол «тыйым салынған ұйымға» қатысы бар деген күдікпен қамауға алынған болатын.

Белсенділер мен құқық қорғаушылар Қазақстанның әр жерінде белсенділерді қамап қойып, оларға қарсы қылмыстық іс қозғауды 25 қыркүйекке белгіленген қарсылық акциялармен байланыстырады. Акцияларды өткізуге қазір шетелде тұратын экс-банкир әрі оппозиционер Мұхтар Әблязов шақырған.

  • 16x9 Image

    Қазис ТОҒЫЗБАЕВ

    Қазис Тоғызбаев 2008 жылғы қыркүйектен бастап өмірінің соңына, яғни 2021 жылғы 28 ақпанға дейін Азаттықтың Алматыдағы тілшісі ретінде еңбек етті. Азаттыққа дейін оппозициялық "Сөз" және "Азат" газеттерінде, kub.info сайтында тілші болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG