Accessibility links

ПТР тесті растаған дерек. Қазақстанда 64 адамнан Covid инфекциясы анықталды


Медициналық маска таққан әйел Алматы көшелерінде. 8 қыркүйек 2020 жыл.
Медициналық маска таққан әйел Алматы көшелерінде. 8 қыркүйек 2020 жыл.

26 қыркүйек күні Қазақстанда коронавирус жұқтырғаны ПТР тестімен анықталған 64 науқас тіркелді. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Шығыс Қазақстан облысы тәулік көрсеткіші бойынша бірінші орында. Облыста бір күнде 17 науқас анықталған. Нұр-Сұлтанда 10, Солтүстік Қазақстан облысында 5 науқастың вирус жұқтырғаны расталған. Қалған өңірде науқас саны беске жетпейді. Шымкент қаласында, Түркістан және Қызылорда облыстарында науқас тіркелмеген.

Вирус жұқтырғаны ПТР расталған науқастар 107 723-ке жетті.

Аймақ бойынша жағдай мынадай:

Алматы қаласында – 14370 (+3),
Нұр-Сұлтан қаласында -14074 (+10),
Атырау облысында – 11076 (+4),
Қарағанды облысында – 10255 (+4),
Шығыс Қазақстан облысында - 8678 (+17),
Батыс Қазақстан облысында – 6854 (+2),
Шымкент қаласында -5188 (+0),
Алматы облысында – 4959 (+2),
Жамбыл облысында – 4124 (+2),
Солтүстік Қазақстан облысында – 4081 (+5),
Павлодар облысында – 3905 (+4),
Қостанай облысында – 3481 (+3),
Ақмола облысында – 3480 (+4),
Түркістан облысында – 3374 (+0),
Маңғыстау облысында – 3340 (+2),
Қызылорда облысында -3242 (+0),
Ақтөбе облысында -3242 (+2).

Қазақстанда үкіметтің Covid статистикасы күмәнмен қарайтындар көп. Олар вирус жұқтырғандар саны үкімет айтқан саннан әлдеқайда көп деп санайды. Жаздың алғашқы екі айында пневмония ауруы мезгілсіз өршіп кетті. Жергілікті дәрігерлер пневмония науқастарының ПТР тесті теріс шығып жатқанын айтып, бірақ коронавирустың белгілері байқалып отырғанын айтты. Бірақ ДСМ тек ПТР тестіне сүйенетінін айтты. 2020 жылдың алғашқы алты айында 256 мың адам пневмонияға шалдықты. Оның қаншасы бактериялық, қаншасы вирустық екені айтылмады. Дегенмен бұл науқастардың ешбірі коронавирус статистикасына қосылмады.

Үкімет тек 1 тамыздан бастап ПТР тестімен расталмаған коронавирус пневмониясының дерегін жүргізе бастады. 26 қыркүйектегі мәлімет бойынша пневмонияның бұл түріне 32223 адам шалдыққан. Бұл дерек те Covid жөніндегі ұлттық статистикаға қосылмай отыр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG