29 қыркүйекте Қазақстанда 75 адамнан коронавирус инфекциясы табылды. Бір күнде 69 адам жазылды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Өткен тәулікте Шығыс Қазақстан облысында - 22, Нұр-Сұлтан қаласында 16 науқас анықталған. Бір күн бұрын астанада 6 адамнан вирус табылған еді. Шымкент қаласы, Түркістан, Маңғыстау, Қызылорда облыстарында бірде-бір науқас тіркелмеген.
Елде коронавирус жұққаны ПТР-тестімен расталған науқастар 107 908 адамға жетті. Басым бөлігі жазылған. Наурыз айынан бері 1728 адам қайтыс болған.
Бұл статистикаға коронавирус пневмониясына шалдыққандар енгізілмеген. 1 тамыздан бері елде 32,5 мыңнан астам адам коронавирус пневмониясына шалдыққан. 350 адам қайтыс болған. Екі көрсеткішті қосқанда коронавируспен ауырғандар саны 140 мыңнан асады, 2079-ы қайтыс болған. Бұған қоса, коронавирус табылған "ілеспе аурудан" қайтыс болған жүздеген адам өлімі де ресми статистикаға қосылмаған. Кейбір мамандар ресми мәліметке күмән келтіреді.
ПІКІРЛЕР