Accessibility links

Өткен тәулікте 300-ге жуық адамнан коронавирус пневмониясы анықталды


Медицина қызметкерлері. Көрнекі сурет.
Медицина қызметкерлері. Көрнекі сурет.

29 қыркүйекте Қазақстанда 299 адамның коронавирус пневмониясына шалдыққаны анықталды. Бұл бір күн бұрынғы көрсеткішпен (10) салыстырғанда әлдеқайда көп. Пневмонияның осы түрінен 2 адам қайтыс болды. Бір күнде 96 адам жазылып шықты. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

1 тамыздан бері коронавирус пневмониясына шалдыққандар 32 799 адамға жеткен. 27 169-ы жазылған. 5277 адам коронавирус пневмониясынан емделіп жатыр. 353 адам қайтыс болған.

Дүйсенбі күні коронавирус жұққаны ПТР-тестпен расталған науқастар арасында 3 адам қайтыс болған. Наурыз айынан бері 1731 адам көз жұмған.

Қазір коронавирус ауруынан 3 303 емделіп жатыр, 56-ы – бала. Стационарда – 1 881 адам, амбулаторлық жағдайда 1 422 адам емделіп жатыр. 90 адамның жағдайы ауыр, 14 науқастың жағдайы өте ауыр. 21 адам жасанды тыныс алу аппаратымен дем алып жатыр.

Елде коронавирус пневмониясы бөлек есептелгенге дейін яғни, 1 тамызға дейін 8 ай ішінде 256 мың адам пневмонияға шалдыққан. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,3 есе көп. Оның 35 мыңы маусымда, 152 мыңы шілдеде ауырған. ДСМ мұның ішінде нешеуі коронавирус пневмониясы екенін айтпады. Министрлік бар болғаны 1-8 шілде аралығында пневмония 56,8 мың адамнан анықталғанын, соның 39,7 мыңында коронавирус белгілері болғанын айтты.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG