Accessibility links

Қырғызстанда "ЭлТР" арнасы Азаттық бағдарламасын эфирге шығарудан бас тартты


Азаттықтың "Сарапшылар талдайды" бағдарламасының кезекті саны. 28 қыркүйек 2020 жыл.
Азаттықтың "Сарапшылар талдайды" бағдарламасының кезекті саны. 28 қыркүйек 2020 жыл.

Қырғызстанда "ЭлТР" арнасы "Биримдик" партиясы төрағасының Қырғызстан тәуелсіздігі жайлы айтқан сөзін талқылаған Азаттық бағдарламасын эфирге шығарудан бас тартты. Телеарна басшысы Керим Калыкулов мұндай шешім қабылдауға "Биримдик" партиясының ықпалы болмағанын айтты.

"Онда бір партияға өткір сын айтылған. Алайда оған партия өкілі қатыспаған" деді Калыкулов.

Бұған дейін үкіметшіл "Биримдик" партиясының төрағасы Марат Аманкуловтың "Қырғызстан тәуелсіздік мәселесін қайта қарастыруы тиіс" деп айтқаны жайлы видео тарағаннан кейін елде наразылық акциялары өтіп, әлеуметтік желіде қызу талқыланған еді. Бұдан соң Аманкулов мәлімдеме жасап, видеоны "арандату талпынысы" деп атаған, сөзінің контекстен бөлініп, бұрмаланғанын жеткізген.

Оқи отырыңыз: Қырғызстан тәуелсіздігі жайлы айтқан саясаткер сөзінен кейін Бішкекте "Құл болма!" акциясы өтті

Азаттықтың "Сарапшылар талдайды" бағдарламасы 28 қыркүйекте сайттан тікелей эфирде көрсетілген. Бағдарламаны әзірлеу барысында редакторлар "Биримдик" партиясының баспасөз хатшысы Адилет Султаналиевке хабарласқан. Бірақ ақыры бағдарламаға партиядан ешкім келмеген.

Талқылауға конституция құқығы бойынша сарапшы Сания Токтогазиева, тарихшы Кыяс Молдокасымов, саясаттанушылар Алмазбек Акматалиев пен Эмиль Жураев қатысқан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG