Accessibility links

Қырғызстанда Жогоргу кеңеш сайлауы өтіп жатыр


 Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков парламент сайлауында дауыс беріп жатыр. Бішкек, 4 қазан 2020 жыл.
Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков парламент сайлауында дауыс беріп жатыр. Бішкек, 4 қазан 2020 жыл.

Бүгін, 4 қазан күні Қырғызстан халқы ел парламенті Жогоргу кеңештің 7-шақырылымын құрайтын депутаттарына дауыс беріп жатыр. Сайлау учаскелері таңғы сағат 8.00 уақытында ашылып, 20.00-ге дейін жұмыс істейді.

Биылғы дауыс беру коронавирус пандемиясына тап болып, арнайы алгоритм бойынша өтіп жатыр: сайлау учаскесіне кіреберісте дауыс берушілердің дене қызуы өлшеніп, маска мен медициналық қолғап таратылып жатыр. Дауыс берушілер қашықтық ұстануы тиіс.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, сайлау учаскелерінің бәрі індеттен қорғану заттарымен жабдықталған. Бұл күні үкіметте сайлау учаскелеріндегі мәселелер бойынша колл-центр жұмыс істейді. Адамдар оған қоңырау шалып, электр энергиясының, интернеттің жоқтығы, сайлау комиссиясы мүшелері мен бақылаушылардың маска режимін ұстанбауы, санитарлық нормалардың орындалмауы секілді мәселелер бойынша хабарласа алады.

Сайлауға 16 партия қатысып отыр. Оларға 3,5 миллион қырғыз азаматы дауыс береді. Дауыс беру 2475 учаскеде жүреді, оның 35-і шетелде орналасқан. Бір күн бұрын 29 мың адам дауыс беріп үлгерді.

Жогоргу кеңеш сайлауының қалай өтіп жатқанын 43 елден келген 277 байқаушы бақылайды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG