Accessibility links

Қазақстанда бір күнде 59 адамнан коронавирус анықталды, 72 адам жазылды


Маска таққан ер адам Covid ауруы жайлы ескерту жазылған баннердің жанынан өтіп барады. Алматы, қыркүйек айы 2020 жыл.

4 қазанда Қазақстанда 59 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Бір күнде 72 адам жазылды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Жексенбі күні Шығыс Қазақстан облысында - 14, Қарағанды облысында - 13, Солтүстік Қазақстан облысында 9 адамнан коронавирус анықталған. Шымкент қаласы, Түркістан, Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда облыстарында ешкімнен коронавирус табылмаған.

Елде коронавирус инфекциясын жұқтырғаны ПТР тестімен расталғандардың жалпы саны 108 236 адамға жетті: 103 277-і жазылған, 1743-і қайтыс болған. Вирус жұқтырғаны расталған бірақ "ілеспе аурудан қайтыс болды" деген жүздеген адамның өлімі Covid жөніндегі ұлттық статистикаға қосылмаған.

Қазақстан үкіметі 1 тамыздан бері ПТР тестімен расталмаған, бірақ ауру белгілері бойынша коронавирусқа ұқсайтын вирустық пневмонияның есебін жүргізіп келеді. 4 қазанға дейін 33 571 адамнан коронавирус пневмониясы анықталды. Оның 27 450-і жазылып шыққан, 358-і қайтыс болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG