Accessibility links

Қазақстанда өткен тәулікте 60 адамнан коронавирус анықталды, 90 адам жазылды


Маска таққан қыз. Алматы, қыркүйек айы 2020 жыл.
Маска таққан қыз. Алматы, қыркүйек айы 2020 жыл.

5 қазанда Қазақстанда 60 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Бір күнде 90 адам жазылды.

Денсаулық сақтау министрлігінің сейсенбі күні таңертең таратқан хабарламасындағы ақпарат бойынша, өткен тәулікте Шығыс Қазақстан облысында - 16, Солтүстік Қазақстан облысында - 9, Қарағанды облысында 6 адамнан коронавирус анықталған. Шымкент қаласы, Ақтөбе, Ақтөбе, Қызылорда облыстарында ешкімнен коронавирус табылмаған.

Елде коронавирус инфекциясын жұқтырғаны ПТР тестімен расталғандардың жалпы саны 108 296 адамға жетті: 103 367-і жазылған, 1746-ы қайтыс болған. Вирус жұқтырғаны расталған бірақ "ілеспе аурудан қайтыс болды" деген жүздеген адамның өлімі Covid жөніндегі ұлттық статистикаға қосылмаған.

Қазақстан үкіметі 1 тамыздан бері ПТР тестімен расталмаған, бірақ ауру белгілері бойынша коронавирусқа ұқсайтын вирустық пневмонияның есебін жүргізіп келеді. 4 қазанға дейін 33 608 адамнан коронавирус пневмониясы анықталды. Оның 27 507-і жазылып шыққан, 360-ы қайтыс болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG