Accessibility links

АҚШ президенті Дональд Трамп ауруханадан шықты


АҚШ президенті Дональд Трамп.

Бірнеше күн бұрын коронавирус жұғып, ауруханаға түскен АҚШ президенті Дональд Трамп дүйсенбі күні кешке әскери госпитальдан шығарылып, Ақ үйге оралды.

Госпиталь дәрігері Трамптың "денсаулығы түзелгенін", бірақ толық жазылмағандықтан дәрігерлер бақылауында болатынын жеткізді. Трамптың өзі Twitter-де "жағдайым тамаша, ауруға бой бермеңдер" деп жазды.

Өкілдер палатасының спикері демократ Нэнси Пелоси президенттің Ақ үйге оралуына алаңдаушылық білдіріп "егер бұрынғыдай тағы да вирусқа жүрдім-бардым қараса, америкалықтардың өміріне қауіп төндіреді" деп мәлімдеді.

Осыған дейін Трамп айналасындағы кемінде 12 шенеуніктен коронавирус анықталғаны хабарланған еді. Бұған қоса, кішірім қызметкерлерден де вирус табылған. Дегенмен Ақ үй қанша шенеунікке Covid жұққанын нақтыламады.

Трамптың ауруханаға түсуі және президент әкімшілігі қызметкерлерінен, сайлау штабы жетекшісінен вирус табылғаны жайлы ақпарат қазіргі президенттің сайлауалды кампаниясының "болашағын" біршама бұлыңғырландырып жіберген еді. Соңғы күндері штаб жоспарлаған бірнеше шара өтпей қалған. Дональд Трамп пен оның қарсыласы Джо Байденнің екінші дебаты 15 қазанда өтуі тиіс.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG