Accessibility links

Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 4 адам қайтыс болды


Аурухана. Көрнекі сурет.
Аурухана. Көрнекі сурет.

5 қазанда Қазақстанда 7 адамның коронавирус пневмониясына шалдыққаны анықталды. Пневмонияның осы түрінен 1 адам қайтыс болды. Бір күнде 10 адам жазылды. Денсаулық сақтау министрлігінің 6 қазанда таратқан хабарламасында осындай мәлімет жазылған.

1 тамыздан бері 33 615 адам коронавирус пневмониясына шалдыққан. 27 517 адам жазылған. 361 адам қайтыс болған.

Қазақстан үкіметі вирус жұқтырғаны ПТР-тестімен расталмаған коронавирус пневмониясына шалдыққан науқастар есебін 1 тамыздан бері жүргізіп келеді. Бірақ оған 1 тамызға дейін коронавирус пневмониясына шалдыққандар енгізілмеген. Министрлік оларды пневмонияның басқа түріне шалдыққандардан ажырату мүмкін болмағанын айтқан.

5 қазанда коронавирус жұққаны ПТР-тестімен расталғандар арасында 3 адам қайтыс болған. Наурыз айынан бері 1749 адам көз жұмған. Қазір 3180 адам коронавирустан емделіп жатыр. 70-і - бала. 1851 адам - стационарда, 1329 адам амбулаторлық жағдайда емделіп жатыр. 86 адамның жағдайы ауыр, 14 адамның жағдайы өте ауыр. 16 адам жасанды тыныс алу аппаратымен дем алып жатыр.

Денсаулық сақтау министрлігі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынысына қарамастан коронавирус пневмониясы есебін Covid статистикасына қоспай отыр. Егер екі көрсеткішті қосса, коронавирус шалдыққандар саны 141 мыңнан асып кетеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG