Accessibility links

Бір күнде 262 адамның коронавирус пневмониясына шалдыққаны анықталды


Науқастың жағдайын сұрап жатқан медицина қызметкері.
Науқастың жағдайын сұрап жатқан медицина қызметкері.

6 қазанда Қазақстанда 262 адамның коронавирус пневмониясына шалдыққаны анықталды. Бұл алдыңғы күнмен салыстырғанда (7 науқас) әлдеқайда көп. Өткен тәулікте адам өлімі тіркелмеген. Сейсенбі күні 46 адам жазылған. Денсаулық сақтау министрлігінің 7 қазанда таратқан хабарламасында осындай мәлімет жазылған.

1 тамыздан бері 33 877 адам коронавирус пневмониясына шалдыққан. 27 563 адам жазылған. 361 адам қайтыс болған.

Қазақстан үкіметі вирус жұқтырғаны ПТР-тестімен расталмаған коронавирус пневмониясына шалдыққан науқастар есебін 1 тамыздан бері жүргізіп келеді. Бірақ оған 1 тамызға дейін коронавирус пневмониясына шалдыққандар енгізілмеген. Министрлік оларды пневмонияның басқа түріне шалдыққандардан ажырату мүмкін болмағанын айтқан.

6 қазанда коронавирус жұққаны ПТР-тестімен расталғандар арасында 3 адам қайтыс болған. Наурыз айынан бері 1752 адам көз жұмған. Қазір 3145 адам коронавирустан емделіп жатыр. 74-і - бала. 1882 адам - стационарда, 1263 адам амбулаторлық жағдайда емделіп жатыр. 89 адамның жағдайы ауыр, 15 адамның жағдайы өте ауыр. 15 адам жасанды тыныс алу аппаратымен дем алып жатыр.

Денсаулық сақтау министрлігі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынысына қарамастан коронавирус пневмониясы есебін Covid статистикасына қоспай отыр. Егер екі көрсеткішті қосса, коронавирус шалдыққандар саны 142 мыңнан асып кетеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG