Accessibility links

Тихановская Лукашенкодан 25 қазанға дейін отставкаға кетуді талап етті


Минскідегі наразылық акциясы.
Минскідегі наразылық акциясы.

Беларусь оппозициясының жетекшісі Светлана Тихановская наразылардың Александр Лукашенкоға ультиматум жариялап, бірнеше талап қойғанын мәлімдеді. Беларусьтің бұрынғы басшысы оларды 25 қазанға дейін орындауы тиіс.

Тихановскаяның Телеграм арнасында жазылған мәліметке сүйенсек, наразылар Лукашенконың отставкасын, бейбіт шеруге қатысқандарға күш қолдануды тоқтату және саяси тұтқындарды босатуды талап етіп отыр.

Тихановскаяның жазуынша, егер бұл талаптар орындалмаса, 26 қазанда "барлық кәсіпорындарда ереуіл басталып, жолдар жабылады, мемлекеттік дүкендерде сауда тоқтайды".

"Үш шартымызды орындау үшін сізге 13 күн береміз. Бізде дайындалуға 13 күн бар" деп жазды Тихановская.

Ол биліктің оппозициямен диалог орнатпай отырғанын сынап, олардың әрекетін "мемлекеттік террор" деп атады. Ол сонымен бірге құқық қорғау органдарын "халық жағына шығуға шақырды".

  • Беларусьте Лукашенкоға қарсы наразылық акциясы 9 тамыздан бері жалғасып келеді. Наразылар сайлау қорытындысы бұрмаланды деп санайды. Лукашенконың басты қарсыласы Тихановская билік қысымымен елден кетуге мәжбүр болған. ЕО елдері сайлау қорытындысын мойындамады. Осыған дейін Тихановская оппозиция жетекшісі ретінде Еуроодақ елдерінің бірқатар басшыларымен кездескен.
  • Соңғы күндері арнайы жасақтың Минск мен елдің өзге қалаларындағы наразылық акцияларында қайтадан күш қолдана бастағаны байқалады. Жексенбі күні Беларусьте 400-ден астам адам ұсталды, милиция наразыларға су шашып, бұрыш бүркіп, арнайы құрал қолданды. Дүйсенбі күні Минскіде "Зейнеткерлер маршы" таратылды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG