Accessibility links

Өткен тәулікте 102 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды, 29 адам жазылды


Коронавирус жұққан науқастарды емдейтін аурухана. Көрнекі сурет.

18 қазанда Қазақстанда 102 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Бір күнде 29 адам жазылды. Бұл туралы Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Жексенбі күні ең көп науқас Нұр-Cұлтанда (17) тіркелген. Шығыс Қазақстан облысында - 15, Павлодар облысында - 11, Алматы қаласында 10 адамның Covid-ке шалдыққаны анықталған. Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарында бірде-бір науқас тіркелмеген.

Елде наурыз айынан бері 109 508 адамға коронавирус жұққаны ПТР-тестімен расталған: 105 мыңнан астамы жазылған. 1792-і қайтыс болған. Бұған коронавирус жұқтырған бірақ "ілеспе аурудан қайтыс болды" деген жүздеген адам кірмеген.

Covid жөніндегі ұлттық статистикаға 1 тамыздан бері есебі жүргізіліп келе жатқан коронавирус пневмониясына шалдыққандар саны енгізілмей отыр. 1 тамыздан 18 қазанға дейін аурудың бұл түрі 35 914 адамнан анықталып, оның 381-і қайтыс болған.

Джонс Хопкинс университеті Қазақстанның ресми дерегіне сүйеніп, тек Covid тестімен расталған науқастардың дерегін көрсетсе, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Covid пен коронавирус пневмониясы дерегін біріктіріп көрсетіп отыр.

Екі деректі қосқанда Қазақстанда вирус жұқтырғаны расталғандар саны 145 мыңға жуықтайды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG