Accessibility links

Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі қызметінен кетті


Камалжан Нәдіров.
Камалжан Нәдіров.

Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Камалжан Нәдіров қызметінен кетті. Қала әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Нәдіров "өз еркімен қызметінен кету туралы өтініш жазған".

Камалжан Нәдіров бұл қызметке елде коронавирус ахуалы ушыққан тұста - маусым айында тағайындалған. Алматы қаласының бас дәрігері болып келмей тұрып, ол денсаулық сақтау вице-министрі қызметін атқарған.

Алматы коронавирус жұқтырғандар саны бойынша республикада алдыңғы орындарда тұр. Маусым айында өзге аймақтағы сияқты мұнда да коронавирус жұқтырғандар көбейіп, ауруханаларда орын тапшы болды. Күніне жүзден астам науқас түсіп, медицина қызметкері жетпеді.

Елде індет басталғалы денсаулық сақтау саласында кадрлық өзгерістер көп болды. Бұған дейін денсаулық сақтау министрі ауысты, бір жылдың ішінде екі рет бас санитар дәрігер өзгерді.

Кейбір мамандар Қазақстан билігі кадрлық өзгерістерден гөрі жүйелі кемшіліктерге көбірек көңіл бөлуі керек деп санайды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG