Accessibility links

Алматыда 15 мың мұғалім Тоқаев уәде еткен үстемақыны ала алмай отыр


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Алматыда 15 мың мұғалім президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен мұғалімдердің жалақысына қосылуы тиіс 25 пайыздық үстемақыны ала алмай отыр. 19 қазанда бұл ақпаратты Алматы қаласының білім басқармасы да растады.

- Біз республикалық бюджеттен төленуі тиіс 25 пайыздық үстемақыны төлей алмаймыз. Бізде педагогикалық ставкалар ұлғайған, қаржы жетіспейді. Қосымша қаражат бөлу туралы өтініш түсіргенбіз. Өтінішіміз қанағаттандырылды және алдағы уақытта қосымша қаржы бөлінеді, - деді Алматы қалалық білім басқармасының жоспарлы қаржы бөлімінің жетекшісі Әділ Отарбаев.

Мұғалімдер тамыз және қыркүйек айындағы үстемақыны алмаған.

Өткен аптада Facebook-тағы "Қазақстан ұстаздары" тобында мұғалімдердің жалақысы кешіктіріліп жатқаны туралы шағым пост жарияланған еді.

"Республикалық бюджетке не болған? Егер Алматының өзінде жалақыны осылай кешіктіріп жатса, аймақ туралы не айтуға болады? Қыркүйек айында республикалық бюджеттен қаржы түспеген" деп жазды Айя Қуанышева.

Алматы қаласы білім басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, мәселе мұғалімдер жалақысында емес - "Педагог мәртебесі" туралы заңның күшіне енуіне байланысты мұғалімдер жалақысына қосылуы тиіс үстемақы жайлы болып отыр. Басқарма бұл қаражат жақын арада республикалық бюджеттен түсуі тиіс екенін айтады.

"Педагог мәртебесі туралы" заңға сәйкес, 2020 жылдың қаңтар айынан бастап мұғалімдердің еңбекқасы 25 пайызға көбеюі тиіс. Осыған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев мұғалімдердің жалақысын төрт жыл ішінде екі рет өсіруді тапсырған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG