Accessibility links

Зерттеу: АҚШ-та адам өлімінің үштен екісіне коронавирус себеп болған


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

АҚШ-та алдыңғы 4 жылмен салыстырғанда биыл адам өлімі 300 мыңға көп. Ауруды бақылау және алдын алу орталығының мәліметінше, адам өлімінің үштен екісіне коронавирус себеп болған. Қалғаны басқа себептерден қайтыс болған.

Дәрігерлердің бағалауынша, коронавирустан қайтыс болғандар санының көптігі тест тапшылығы мен диагностикадағы кемшіліктермен байланысты болуы мүмкін. 21 қазан күнгі ақпарат бойынша, елде 221 мың адам коронавирустан қайтыс болған.

Орталық есебінде кейбір адамдардың "медициналық көмекке қолы жетпей" көз жұмғаны да айтылады.

Тағы бір зерттеуде тұрғын үйлер мен қарттар үйінде жүрек ауруы, диабет, инсультқа шалдыққандардың індет кезінде ауруханаға барудан қорыққаны айтылады. Кейбір зерттеушілер індет кезінде есірткі немесе ішімдік ішіп, қайтыс болғандар көп болғанын атап өтеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG