Accessibility links

Ресейде бір күнде 300-ден астам адам коронавирустан қайтыс болды


Медицина қызметкерлері.
Медицина қызметкерлері.

Ресейде өткен тәулікте коронавирус жұққан 317 науқас қайтыс болды. Бұл эпидемия басталғалы бері адам өлімі бойынша бір күнде тіркелген ең жоғары көрсеткіш. Елде Covid-тен қайтыс болғандар 25 мыңға жуықтады.

Ресейде мәйітті тексергенге дейін өліміне коронавирус себеп болды деп танылғандар есебі ғана Covid статистикасына қосылады. Егер коронавирус табылған марқұмдардың барлығын немесе патологоанатомиялық зерттеу жүргізілгеннен кейін өлімінің себебі анықталғандарды қосса, қайтыс болғандар айтарлықтай көбейеді.

Өткен тәулікте Ресейде (аннексияланған Қырымды қосқанда) 15 700 адамнан коронавирус табылған. Коронавируспен күрес жөніндегі жедел штабтың мәліметінше, бір күн бұрын бұл көрсеткіш 600 адамға аз болған. Сейсенбі күні ең көп науқас Мәскеуден (4 389) анықталған.

Бір күнде 10 952 адам жазылған, індет басталғалы бері елде 1 миллионнан астам адамға Covid жұққан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG