Accessibility links

Өзбекстанда зауыт салып жатқан бес мыңдай жұмысшы бүлік шығарды


Өзбекстанда зауыт салып жатқан бес мыңдай жұмысшы бүлік шығарды
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:00 0:00

21 қазанда Өзбекстанның оңтүстігіндегі Қашқадария облысының Гузар ауданында Uzbekistan GTL зауытын салып жатқан мыңдаған жұмысшы бүлік шығарды. Азаттықтың Өзбек қызметінің қолына түскен виедода 5 мыңға жуық жұмысшының зауыт ғимаратына күшпен басып кіргені байқалады. Видеотаспадан жиһаздар мен компьютерлердің қирап жатқаны көрінеді. Оқиға орнындағы кей жұмысшылар Азаттыққа бүлікті басу үшін Гузор ауданына арнайы жасақ мен полиция келгенін айтты. Әзірге жапа шеккендер туралы мәлімет түскен жоқ.Аты-жөнін атамауды сұраған жұмысшылардың бірі Азаттық тілшісіне оқиғаның себебін айтып берді. Оның сөзінше, 20 қазанда жұмыс беруші Enter Engineering компаниясы жұмысшыларға кешкі ас бермеген. Бұл онсыз да жалақысын алмай жүрген жұмысшыларды ашуландырған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG