Accessibility links

Қырғызстан: Жапаров Матраимов ұсталғаннан кейін "экономикалық амнистия" жариялады


Садыр Жапаров.
Садыр Жапаров.

Қырғызстан президенті міндетін атқарушы Садыр Жапаров жемқорлық есебінен заңсыз байыған бұрынғы шенеуніктерге "экономикалық амнистия" жариялады. Осының алдында кеден қызметі бастығының бұрынғы орынбасары Райымбек Матраимов жемқорлық бабымен ұсталған болатын. Ол кейінірек ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылған.

Жапаров мәлімдемесіне сүйенсек, амнистия "энергетика, кеден, салық қызметі, жер қойнауын игеру, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету салаларында" істеген, жемқорлық схемаларымен заңсыз ақша алған шенеуніктерге қатысты.

Жапаров осы сияқты заңсыз әрекеттерге барған шенеуніктерге қылмысын ашып, мемлекетке ұрланған ақшаны қайтару үшін 30 күн берді. Амнистия мақсаты бюджетті толтыру және мемлекет қарызын өтеу деп айтылады.

Осы апта басында Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеті бұрынғы президент Сооронбай Жээнбековтің серігі Райымбек Матраимовты ұстағанын хабарлаған. Мұндай қадам сол оқиғадан кейін бір күн өткен соң жасалып отыр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG