Accessibility links

Өзбек компаниясы жаппай наразылықтан кейін жұмысшыларға жалақы төлей бастады


Жалақының уақытында берілмегеніне наразы жұмысшылар.
Жалақының уақытында берілмегеніне наразы жұмысшылар.

Өзбекстанда Enter Engineering компаниясы жаппай наразылықтан кейін жұмысшыларға кешіктірген жалақыларын төлей бастады.

Өзін компаниядағы наразылықтың себебін зерттеу тобының мүшесі ретінде таныстырған өкіл 22 қазанда Азат Еуропа/Азаттық радиосына жұмысшылар жалақысы төленгенін айтты. Кейбір жұмысшылар Азаттыққа соңғы үш айдың жалақысын алғанын растады.

21 қазанда Өзбекстанның оңтүстігіндегі Қашқадария облысының Гузар ауданында Uzbekistan GTL зауытын салып жатқан мыңдаған жұмысшы компанияның әкімшілік ғимаратын басып алып, бүлік шығарған еді.

Азаттықтың Өзбек қызметінің қолына түскен видеода 5 мыңға жуық жұмысшының зауыт ғимаратына күшпен басып кіргені байқалған. Видеотаспадан жиһаздар мен компьютерлердің қирап жатқаны көрінеді.

Кейбір жұмысшылардың сөзіне қарағанда тәртіпсіздікті тоқтату үшін Гузар ауданына ұлттық ұлан, арнайы жасақ пен полиция әкелінген.

Зардап шеккендер жайлы ақпарат жарияланған жоқ.

Аты-жөнін атамаған жұмысшылардың бірі Азаттыққа 20 қазанда жұмыс беруші Enter Engineering компаниясының жұмысшыларға кешкі ас бермегенін айтты. Бұл онсыз да жалақысын алмай жүрген жұмысшыларды ашуландырған.

Бас кеңсесі Ташкентте орналасқан компанияның өкілінің айтуынша, асхананың электронды құлыптау жүйесі істемей қалғандықтан, жұмысшылар есікті аша алмай, содан бүлік шыққан.

Жұмысшылардың бірі 22 қазанда Азаттыққа жалақы мен тамақ мәселесінен бөлек бүліктің шығуына карантин шаралары да себеп болғанын айтты. Сол шектеудің кесірінен жұмысшылардың күнделікті жұмыс кестесі өзгеріп, компания басшылығы жұмысшыларды отбасына жібермей, құрылыс алаңында қонуға мәжбүрлеген.

Өзбекстан бас прокуратурасының ресми өкілі Хайот Шамсутдинов ақпарат құралдарына жағдай зерттеліп жатыр деп мәлімдеді.

Қарай отырыңыз: Өзбекстанда зауыт салып жатқан бес мыңдаң жұмысшы бүлік шығарды (21 қазан 2020 жыл).

Өзбекстанда зауыт салып жатқан бес мыңдай жұмысшы бүлік шығарды
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:00 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG