Accessibility links

Covid: Қазан айының басынан бері Қырғызстанда науқастар өсімі үш есеге ұлғайған


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қырғызстанда өткен тәулікте 582 адамнан коронавирус инфекциясы табылды. Шамамен 6,3 млн халқы бар Орталық Азиядағы мемлекет шілде айының ортасынан бері коронавирус пневмониясына шалдыққандарды да Covid статистикасына қосып, есептеп келеді. Наурыз айынан бері барлығы 54 588 адам Covid ауруына шалдыққан.

Коронавируспен күрес жөніндегі респуьликалық штаб мәліметінше, қазан айының басынан бері тәуліктік науқастар өсімі 3,3 пайызға ұлғайған. 1 қазанда бір күнде - 172 науқас табылса, 10 қазанда - 307 науқас, 22 қазанда 582 науқас тіркелген. Соңғы үш күнде көрсеткіш күрт ұлғайған.

Бір күнде 4 адам (Ош, Жалалабад, Баткен облыстары мен Бішкек қаласының тұрғындары) қайтыс болған. Эпидемия басталғалы бері 1 126 адам көз жұмған. 18 тамызда денсаулық сақтау министрлігі Covid статистикасын қайта қарап шыққаннан кейін адам өлімінің үштен бірі қысқарған. Министрлік статистикадан алынған адамдар өліміне "коронавирус емес, басқа ауру себеп болды" деп мәлімдеді.

Өткен тәулікте 324 адам жазылған, індет кезінде барлығы 47 050 адам жазылған. Қазір стационарда - 3 139 адам, амбулаторлық жағдайда 2 719 адам емделіп жатыр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG