Accessibility links

Балқаш билігі қалада үш адамнан артық жиналуға тыйым салды


Маска таққан тұрғындар. Көрнекі сурет.
Маска таққан тұрғындар. Көрнекі сурет.

Қарағанды облысы Балқаш қаласында коронавирус жұқтырғандардың көбеюіне байланысты 24 қазаннан бастап карантин шаралары күшейеді. Жергілікті биліктің мәліметінше, 1-22 қазан аралығында қалада 40 науқас тіркелген.

Сенбі күннен бастап полиция мен әскерилер қаланы күзетіп, үштен артық адамның жиналмауын қадағалайды. Балаларға ересектерсіз көшеде жүруіне тыйым салынады. 65 жастан асқандарға көшеге шықпауға кеңес берілген. Адам көп жиналатын орындар - саябақ, алаң, көл жағалаулары жабылады. Тұрын үй маңындағы балалар алаңында да балалар мен ересектердің жүруіне шектеу қойылады.

Қалада 24 қазаннан бастап кешкі сағат 22.00 мен таңғы сағат 5.00 аралығында жеке көлікпен жүруге тыйым салынады. Қоғамдық көлік жұмысы шектеледі. Тек кәсіпорындарға жұмысшылар таситын көліктерге рұқсат берілуі мүмкін. Қоғамдық тамақтану орындары, азық-түлік дүкендерінің жұмыс уақыты қысқарады.

22 қазан күнгі мәлімет бойынша, Қарағанды облысында 10 464 адамнан коронавирус инфекциясы табылған. Облыста 100 мың адамға шаққанда науқастар көрсеткіші 736,7-ге (республика деңгейінде бұл көрсеткіш 690,8-ке тең) жеткен.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG