Accessibility links

Қазақстанда бір күнде коронавирус пен пневмониядан 6 адам қайтыс болды


Медицина қызметкерлері науқаспен сөйлесіп жатыр. Көрнекі сурет.
Медицина қызметкерлері науқаспен сөйлесіп жатыр. Көрнекі сурет.

26 қазан күні Қазақстанда 152 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды. Оның басым бөлігі (142) – вирус жұқтырғаны Covid тестімен расталғандар (U07.01 коды). Өткен тәулікте Covid тесті теріс нәтиже берген, бірақ ауру белгілері бойынша коронавирусқа ұқсайтын пневмонияға (U07.02) шалдыққан 10 науқас анықталған.

Бір күнде 6 адам қайтыс болған: коронавирус жұққаны тестімен расталған науқастар арасында - 5 адам өлімі, коронавирус пневмониясына шалдыққандар арасында 1 адам өлімі тіркелген.

Індет басталғалы елде барлығы 147 615 адамға коронавирус жұққан: 110 684 адамға коронавирус жұққаны тестімен расталған, қалған 36 931 адам коронавирус пневмониясына шалдыққан.

Қазақстан билігі тек 1 тамыздан бері коронавирус пневмониясына шалдыққандарды есептеп келе жатқандықтан науқастар саны одан да көп болуы мүмкін. Ресми мәлімет бойынша, елде пневмонияның жалпы түріне шалдыққандар жазда күрт көбейген.

Наурыз айынан бері коронавирустан кемінде 2 225 адам қайтыс болған (1830-ы - коронавирустан, 395-і - коронавирус пневмониясынан көз жұмған). Коронавирусқа шалдыққаны Covid тестімен расталған, бірақ «ілеспе аурудан қайтыс болды» деген жүздеген адам бұл статистикада көрсетілмеген.

​Қазір 3 088 адам коронавирустан емделіп жатыр, 248-і - бала. Стационарда - 2 333, амбулаторлық жағдайда 755 адам емделіп жатыр. 115 адамның жағдайы - ауыр, 10 адамның жағдайы - өте ауыр, 16 адам жасанды аппаратпен тыныс алып жатыр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG