Accessibility links

Коронавирус пен пневмониядан тағы 6 адам қайтыс болды


Медицина қызметкерлері.
Медицина қызметкерлері.

Өткен тәулікте Қазақстанда 174 адамнан коронавирус пневмониясы анықталды, 1 адам қайтыс болды. Бір күнде 43 адам жазылды.

1 тамыздан бері Қазақстанда 37 379 адам коронавирус пневмониясына шалдыққан, содан бері 397 адам қайтыс болған, 28 659 адам жазылған.

Бұл – коронавирус жұққаны ПТР-тестімен дәлелденбеген, бірақ клиникалық белгілері бойынша Covid-ке ұқсас науқастар есебі. Қазақстан билігі коронавирус пневмониясына шалдыққандарды Covid статистикасына қоспай келеді.

Өткен тәулікте коронавирус жұққаны ПТР-тестімен расталған науқастар арасында 5 адам өлімі тіркелген. Наурыз айынан бері қайтыс болғандар саны 1840 адамға жетті.

Қазір 3201 адам коронавирустан емделіп жатыр, 287-і – бала. 117 науқастың жағдайы ауыр, 13 адамның жағдайы өте ауыр, 15 адам жасанды аппаратпен тыныс алып жатыр.

Елде коронавирус пен коронавирус пневмониясына шалдыққандарды қосқанда 148 479 адам болады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG