Accessibility links

Әзербайжан мен Армения мәйіт алмасты


Таулы Қарабақ.

Әзербайжан мен Армения Таулы Қарабақтағы қақтығыс кезінде қаза тапқан сарбаздар мәйітімен алмасты. 29 қазанда екі тарап та мәйіттер тапсырылғанын растады. Ақпарат бойынша, әзербайжан жағы армян тарабына 29 сарбаздың денесін берген.

Халықаралық қауымдастық тараптарды соғысты тоқтатып, келіссөз үстеліне отыруға қайта-қайта шақырғанмен одан нәтиже шыққан жоқ. Соңғы рет оларды АҚШ татуластыруға тырысқан, алайда Баку мен Ереван атысты тоқтату режимін бұзды деп бір-бірін кінәлады.

Армения қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Шушан Степанянның айтуынша, мәйіт алмасу процесі “Ресейдің ерекше күш салуы мен ЕҚЫҰ төрағасының жеке уәкілі, Қызыл крест ұйымының қатысуымен" жүзеге асқан.

Армения “Арцах аумағында әзербайжан әскерилерінің денесін тапсыруға және мәйіттерді жинау, әскери тұтқындар жайлы ақпаратпен бөлісу, тұтқын алмасу процесін бастауға дайын екенін тағы бір мәрте ескертеді” деді Степанян.

Ал Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевтің көмекшісі Хикмет Халиев шетел журналистеріне Баку бастамасымен және Ресей көмегімен мәйіттер тапсырылды деп мәлімдеген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG