Accessibility links

Ұлыбританияда локдаун мерзімі ұзартылуы мүмкін


Британ үкіметінің министрлер кабинетінің жетекшісі Майкл Гоув.
Британ үкіметінің министрлер кабинетінің жетекшісі Майкл Гоув.

Британ үкіметінің жоғары лауазымды шенеунігі коронавирусқа байланысты енгізілген қатаң шаралар ұзартылуы мүмкін екенін ескертті.

Министрлер кабинетінің жетекшісі Майкл Гоувтан ақпарат құралдары "шектеу шаралары бір айдан да ұзақ болуы мүмкін бе?" деп сұраған кезде "иә" деп жауап берген.

Осыған дейін Франция, Германия және өзге елдер індеттің екінші толқынына байланысты карантинді күшейткен. Ізінше Ұлыбритания да 5 қарашадан бастап, қатаң шаралар енгізетінін хабарлаған.

Португалия, Греция, Австрия жартылай локдаунға көшеді.

Қазір Еуропада күн сайын шамамен 240 мыңнан астам адамнан коронавирус табылып жүр. Еуропаның 14 елінде ауруханаға жатқызылғандар саны рекордтық көрсеткішке жеткен.

Бельгияда 2 қарашадан бастап локдаун енгізіледі, Германияда дүйсенбіден бастап "жартылай жабық" режим күшіне енеді.

Өткен аптада Италия мен Испанияда шектеу шараларына қарсылық акциясы кезінде демонстранттар полициямен қақтығысып қалды.

4,5 млн халқы бар Словакия алдағы бірнеше апта ішінде тұрғындарды жаппай коронавирус тестінен өткізетінін айтып отыр.

1 қарашада Ресейде науқастар саны бойынша тағы рекордтық көрсеткіш тіркелді. Елде 1 қарашада 18 655 адамнан коронавирус табылған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG