Accessibility links

Бір күнде 701 адам коронавирус пен "пневмонияға" шалдықты, 7 адам қайтыс болды


Жедел жәрдем қызметкерлері.
Жедел жәрдем қызметкерлері.

Қазақстанда өткен тәулікте 701 адам коронавирус пен коронавирус пневмониясына шалдыққан: 432 адамға коронавирус жұққаны ПТР-тестімен расталған, 269 адамнан коронавирусқа ұқсас пневмония табылған.

Өткен тәулікте коронавирус жұққаны расталған науқастар арасында 6 адам өлімі тіркелген, коронавирус пневмониясынан 1 адам қайтыс болған.

Наурыз айынан бері коронавирус жұққаны тестімен расталғандар 113 741 адамға жеткен. Басым бөлігі жазылған. 1861 адам қайтыс болған.

Қазақстан билігі ПТР тестімен расталмаған, бірақ ауру белгілері бойынша коронавирусқа ұқсайтын пневмония есебін 1 тамыздан бері жүргізіп келеді. Үкімет дерегінше, тамыздың басынан 3 қарашаға дейін 38 281 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылған: 28 899 адам жазылған, 405-і қайтыс болған.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазір коронавирус пневмониясынан 4 981 адам емделіп жатыр. Оның 2 510-ы стационарда ем қабылдап жатыр. 148 науқастың ахуалы нашар, 18 адамның жағдайы - өте ауыр, 20 адам жасанды тыныс алу аппаратымен дем алып жатыр.

Қазақстан коронавирус пневмониясы есебін жүргізгенімен, оны Covid жөніндегі ұлттық статистикаға қоспай отыр. Вирус жұқтырғандардың дүниежүзілік картасында әдетте Қазақстанның ресми дерегі көрсетіліп, коронавирус пневмониясының сандары айтылмайды. Бірақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қазақстанның екі дерегін біріктіріп көрсетіп отыр. Екі деректі қосқанда Қазақстанда коронавирусқа шалдыққандар 152 022 адам болып шығады.

Covid өлімі статистикасына коронавирус жұқтырғаны расталған, бірақ "ілеспе аурудан қайтыс болды" деген жүздеген адам кірмеген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG