Accessibility links

Бір күнде 575 адам коронавирус пен пневмонияға шалдықты, 7 адам қайтыс болды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

9 қарашада Қазақстанда 564 адамға коронавирус жұққаны тестпен дәлелденген, 11 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылған. Денсаулық сақтау министрлігінің 10 қараша таңертең таратқан хабарламасында осылай деп жазылған.

Бір күнде коронавирус пен пневмониядан 7 адам қайтыс болған: алтауы - коронавирус инфекциясынан, бір адамның өліміне коронавирус пневмониясы себеп болған.

Ресми мәлімет бойынша, елде коронавирус жұққаны тестпен дәлелденген 117 336 адам бар: 108 169-ы жазылған, 1905-і қайтыс болған.

1 тамыздан бері 39 115 адам коронавирус пневмониясына шалдыққан, 29 203 адам жазылған, 410 адам қайтыс болған.

Екеуін қоса есептегенде науқастар 156 451 адамға жетеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ресми сайтында Қазақстанға байланысты осы мәліметті көрсеткен. Бірақ Қазақстан билігі коронавирус пневмониясына шалдыққандарды Covid статистикасына қоспай келеді. Сол себепті америкалық Джонс Хопкинс университетінің сайтында Қазақстанда 156 мың емес - 116 мың адам коронавирусқа шалдыққан деп көрсетілген.

Қазір 7 262 адам коронавирустан емделіп жатыр, 384-і - бала. Стационарда 2 891 науқас ем қабылдап жатыр. 194 адамның жағдайы - ауыр, 21 адамның жағдайы - өте ауыр, 27 адам аппаратпен тыныс алып жатыр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG