Accessibility links

Беларусьте бірнеше күн бұрын іске қосылған АЭС энергия өндіруді тоқтатты


БелАЭС.
БелАЭС.

Бірнеше күн бұрын іске қосылған Беларусь атом электр станциясы электр энергиясын өндіруді тоқтатты. Tut.by сайты дереккөзге сүйене отырып, станциядағы бірнеше трансформатордың жарылып кеткенін хабарлады.

"Қазір БелАЭС электр энергиясын өндіріп жатқан жоқ" деді 10 қарашада станция өкілі "Интерфакс" агенттігіне. Ол "станциядағы ақау қашан жойылады" деген сұраққа нақты жауап бере алмаған.

Дүйсенбі күні Беларусь энергетика министрлігі жабдықтарды ауыстыру қажеттігін айтқан. Төтенше жағдай министрлігі жабдықты ауыстыру процесі қауіпсіз деп сендіруге тырысқан.

Электр станциясын ресейлік "Росатом" бөлімшесі - "Атомстройэкспорт" салған және қаржының жартысын Мәскеудің өзі құйған. Жоба 2022 жылы толық аяқталады деп айтылады.

Электр станцияның ресми ашылуы 7 қарашада өткен. Оған қатысқан Александр Лукашенко жобаның іске қосылуын "Беларусь өміріндегі тарихи сәт" деп атаған болатын. "Мемлекет ядролық державаға айналады" деді Лукашенко. Ал Литва Минскіге қарсылық нотасын жіберіп, Беларусь билігінің "жауапсыз әрекетін" сынады. АЭС салынған Островецтен 50 километр ғана жерде тұрған Литва бұл жоба тұтас Еуропаға қауіп төндіріп отыр деп есептейді. БелАЭС-тің бірінші энергоблогы іске қосылғаннан кейін Вильнюс Беларусьтен электр энергиясын тасымалдаудан бас тартқан.

АЭС құрылысына белорус белсенділері де қарсы шыққан.

Бірақ ресми Минск атом электр станциясының қауіпсіз екенін, оны салу кезінде барлық талаптар орындалғанын айтып келеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG