Accessibility links

Бір күнде 242 адамнан коронавирус пневмониясы анықталды


Коронавирусты анықтайтын зертхана.
Коронавирусты анықтайтын зертхана.

10 қарашада Қазақстанда 242 адамнан коронавирус пневмониясы анықталды, 83 адам жазылды, өткен тәулікте адам өлімі тіркелген жоқ.

Қазақстан билігі 1 тамыздан бастап коронавирусқа ұқсас пневмонияға бөлек код беріп, пневмонияның сол түріне шалдыққандарды бөлек есептеп келеді. Содан бері 39 357 адамнан коронавирус пневмониясы анықталған, 410 адам қайтыс болған, 29 286 адам жазылған.

Сейсенбі күні коронавирус жұққаны тестпен расталғандар арасында 6 адам өлімі тіркелген, наурыз айынан бері коронавирустан қайтыс болғандар саны 1911 адамға жетті. Елде коронавирус жұққаны тестпен дәлелденген 117 336 адам бар: 108 169-ы жазылған.

Қазір ауруханада 2 926 адам емделіп жатыр. 196 адамның жағдайы - ауыр, 25 адамның жағдайы - өте ауыр, 28 адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Қазақстанның Covid бойынша ресми статистикасына коронавирус жұққан бірақ арнайы комиссия "Covid-тен емес - ілеспе аурудан қайтыс болды" деп шешім шығарған жүздеген адам өлімі енгізілмеген. Жаз айларында өткен жылдармен салыстырғанда адам өлімі көп тіркелді.

Соңғы аптада Қазақстанның бірқатар аймақтарында әсіресе, Ресеймен шекаралас аумақтарда карантин күшейіп, блокбекеттер қойылған. СҚО, БҚО, ШҚО, Павлодар, Қостанай облысы аумағына кіру үшін адамдарда коронавирус жұқпағанын дәлелдейтін ПТР-тест анықтамасы болуы керек.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG