Accessibility links

Ресейдің Алтай өлкесінде Sputnik V егілген медицина қызметкерлерінен коронавирус анықталды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Ресейдің Алтай өлкесінде Sputnik V вакцинасы егілген 42 медицина қызметкердің үшеуінен коронавирус анықталды. Бұл ақпаратты өлкенің денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

“Вакцина шығарушы мамандардың айтуынша, екпе екі компоненттен тұрады: инъекция алғаш салынған уақыттан бастап үш апта өткеннен кейін екіншісі салынады. Екінші инъекция салынғаннан кейін үш апта өткен соң адам коронавирустан қорғалған болып есептеледі, себебі сол уақыт аралығында иммунитет дамиды” делінген министрлік хабарламасында.

Ақпарат бойынша, медицина қызметкерлеріне Sputnik V вакцинасы егілген.

Министрліктің айтуынша, инфекция жұққан медицина қызметкерлерінде вирус жұққан мезгілге дейін иммунитет дамып үлгермеген.

Ресейде коронавирустан қорғайтын екі вакцина тіркелген: Гамалея атындағы орталықтың Sputnik V және Новосибирскідегі "Вектор" орталығының "ЭпиВакКорона" вакцинасы. Қазан айының соңында Гамалея орталығы сынаққа қатысқан кейбір еріктілерден коронавирус анықталғанын хабарлаған. Қазір вакцина сынақтың үшінші кезеңінен өтіп жатыр. Оған 40 мың адам қатысып жатыр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG