Accessibility links

Қазақстанда коронавирус жұққан тағы 587 науқас анықталды, 245 адам жазылды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

11 қарашада Қазақстанда 587 адамға коронавирус жұққаны тестпен расталды. Бір күнде 245 адам жазылды. Денсаулық сақтау министрлігінің 12 қараша таңертең таратқан хабарламасында осындай ақпарат жазылған.

Сәрсенбі күні Шығыс Қазақстан облысында - 231, Қостанай облысында - 57, Павлодар облысында - 49, Нұр-Сұлтанда - 47, Ақмола облысында - 35, Солтүстік Қазақстан облысында - 35, Алматы қаласында 30 адамнан коронавирус инфекциясы анықталған. Өткен тәулікте барлық қала мен облыста науқас тіркелген.

Наурыз айынан бері 118 491 адамға коронавирус жұққаны ПТР-тестпен расталған, содан бері 1911 адам коронавирустан қайтыс болған. 108 мың адам жазылған.

Бұл ресми мәліметке коронавирус жұққан бірақ арнайы комиссия "Covid-тен емес - ілеспе аурудан қайтыс болды" деп шешім шығарған жүздеген адам өлімі енгізілмеген. Жаз айларында өткен жылдармен салыстырғанда адам өлімі көп тіркелді.

Қазақстан билігі дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының кеңесіне қарамастан коронавирус пневмониясына шалдыққандарды Covid статистикасына қоспай отыр. 1 тамыздан бері 39 357 адам коронавирус пневмониясына шалдыққан, 29 286 адам жазылған, 410 адам қайтыс болған.

Екеуін қоса есептегенде науқастар 157 848 адамға жетеді.

Қазір 7 мыңнан астам адам коронавирустан емделіп жатыр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG