Accessibility links

Қазақстанда бір күнде коронавирус пен пневмониядан 9 адам қайтыс болды


Коронавирус жұққандарды емдейтін аурухана. Көрнекі сурет.
Коронавирус жұққандарды емдейтін аурухана. Көрнекі сурет.

11 қарашада Қазақстанда 188 адамнан коронавирус пневмониясы анықталды, 65 адам жазылды, өткен тәулікте пневмонияның осы түрінен 2 адам қайтыс болды.

Қазақстан билігі 1 тамыздан бастап коронавирусқа ұқсас пневмонияға бөлек код беріп, пневмонияның сол түріне шалдыққандарды бөлек есептеп келеді. Содан бері 39 545 адамнан коронавирус пневмониясы анықталған, 412 адам қайтыс болған, 29 351 адам жазылған.

Сейсенбі күні коронавирус жұққаны тестпен расталғандар арасында 7 адам өлімі тіркелген, наурыз айынан бері коронавирустан қайтыс болғандар саны 1918 адамға жетті. Елде коронавирус жұққаны тестпен дәлелденген 118 491 адам бар: 108 632-і жазылған.

Қазір 7941 адам коронавирустан емделіп жатыр, 2 868-і - ауруханада. 182 адамның жағдайы - ауыр, 21 адамның жағдайы - өте ауыр, 27 адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Қазақстанның Covid бойынша ресми статистикасына коронавирус жұққан бірақ арнайы комиссия "Covid-тен емес - ілеспе аурудан қайтыс болды" деп шешім шығарған жүздеген адам өлімі енгізілмеген. Жаз айларында өткен жылдармен салыстырғанда адам өлімі көп тіркелді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG